Nur Otan партиясы: Негізгі мақ­са­тымыз – балаларды қорғау

Nur Otan партиясы: Негізгі мақ­са­тымыз – балаларды қорғау

Nur Otan партиясы: Негізгі мақ­са­тымыз – балаларды қорғау
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы Отбасы, әйелдер мәселесі және балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жұмыс тобы еліміздегі ең өзекті мәселелерді бұған дейін де бірнеше рет талқылаған болатын. Соның ішінде Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төра­ғасының орынбасары Динара Закиева, сондай-ақ жауапты министрліктер, үкіметтік емес ұйымдар барлық проблеманы шешудің жолдарын қарастырған еді. Партия жанындағы Отбасы, әйелдер мәселесі және бала­лар құқығын қорғау жө­ніндегі республикалық қоғамдық кеңе­с мүшелері еліміздегі шалғай елдіме­кендерді аралап, біл­ім беру, әлеуметтік қорғау және ден­саулық сақтау мекемелерінің жұ­мысын тексеріп шықты. Мем­ле­­кеттік және мемлекеттік емес ұйым­дар бірлесе жұмыс істеу арқылы тығырықтан шығудың тетіктерін қарастырды. Көмекке зәру ана мен балаға, жағдайы тө­мен отбасыларға жан-жақты жағдай жасалады. Баланың құқығы ту­ра­лы заң да қабылданды. Негізгі мақ­са­тымыз – балаларды қорғау. Балалардың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүзеге асырылады. Үкімет зорлау, қинау, зомбылық жасауды болдырмау мақ­сатында арнайы бағдарлама дайындап, мемлекеттік емес ұйымдармен бірі­гіп тұжырымдама жасап жатыр. Мақсат – билік пен мемлекеттік емес ұйымдармен бірігіп, балалардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту, – деді Динара Закиева. Отбасы, әйелдер мә­­селесі және балалар құ­­қығын қорғау жөніндегі рес­­пуб­ликалық қоғамдық кеңе­стің өңірлерге жүргізген тексеру қорытындысында анық­талған келеңсіздіктердің 70 пайызы түзелді. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады. Айта кетейік, кеңестің мақсаты – отбасын қолдау, ба­ла­­лар құқығын қорғау үшін  жүйелі іс-шараларды дайындап,жүзеге асыру. Республикалық қоғам­дық кеңестің жұмыс тобы пар­тия­, елдің күш-жіге­рін жұмылдыратын бірегей алаң­ға айналып отыр.