21 Мамыр 2020, 17:09 818 0 Әдебиет Арайлым Бимендиева

Bolashaq Books жобасы жарияланды

Bolashaq Қауымдастығы «Жастар және инновация» және Bolashaq Books жобаларын жариялады.

«Жастардың инновациялық белсенділігін дамыту» жобасының басты мақсаты жастардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау. Жобаны іске асыру барысында инновация саласындағы танымал тұлғалар, кәсіпкерлер және YPO Kazakhstan мүшелерімен форумдар мен мастер-класстар өткізілмек. Сонымен қатар белсенді қатысушылар үшін елдің жетекші компаниялары мен орталық мемлекеттік органдарында тағылымдамадан өту жоспарлануда.

– Кітап оқуды халық арасында насихаттау (Bolashaq Books) жобасының мақсаты кітаптарды кез-келген адамға уақытша пайдалануға беру үшін, қоғамдық кітап сөрелерін орнату арқылы кітап оқитын халықтың санын арттыру, кітап оқу мәдениетін насихаттау және азаматтардың білім деңгейін көтеру, – деп атап өтті Bolashaq Қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова.

Bolashaq Books жобасы 2017 жылы іске қосылды, биылғы жылдан бастап жоба өз ауқымын кеңейтіп, қоғамдық кітап сөрелері енді еліміздің әрбір өңірінде пайда болады. Халық көп жиналатын жерлерде кемінде 20 кітап сөресін орнату жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру барысында байқау өткізіледі, жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар