17 Мамыр, 10:44 285 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Аргентиналық ғалымдар коронавирусты екі сағатта анықтайтын тест жасады

Аргентина ғалымдары коронавирусты екі сағатқа жетпейтін уақытта анықтайтын тест жасап шығарды, деп хабарлайды РИА Новости

Дәлдігі жағынан ПЦР-тестілерінен кем түспейтін, алайда бағасы одан әлдеқайда арзан тестке NEOKIT-COVID-19 деген атау берілген.

«Бұл – Аргетина ғалымдарының жұмысы. Жұмыстың нәтижесіне көңілім толады. Бұл пандемиямен басқаша күресуге мүмкіндік береді. Кімнің індет жұқтырғанын, кімнің жұқтырмағанын жедел анықтай аламыз», – деді тест таныстырылымына қатысқан Аргентина президенті Альберто Фернандес.

Аргентиналық мамандар алғашқы 10 күнде алғашқы 10 мың тест жасап шығармақ. Ал көп ұзамай аптасына 100 мың тест шығару көзделіп отыр.

Айта кетейік, Аргентинада бүгінгі күнге дейін 7792 адамнан коронавирус анықталған. Науқастардың 363-і көз жұмды.

Ал әлем бойынша індет жұқтырғандар саны 4 634 132-ге жетті. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегіне сүйенсек, қатерлі вирустан 311 мыңнан астам адам көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар