11 Мамыр, 16:01 579 0 Нұр Отан Арайлым Бимендиева

Парламент: Nur Otan партиясы депутаттарының белсенділігі жоғары

Елімізде Төтенше жағдай жарияланғалы бергі кезеңде Nur Otan партиясы мұқтаж жандарға көмек қолын созып келеді. Осы орайда Nur Otan партиясы еліміздегі саяси партиялар ішіндегі көшбасшысы екенін тағы бір дәлделдегендей. Дағдарыс жағдайында саяси партиялардың ортақ іске жұмылуы, халықпен жақындасып, азаматтардың мәселелерін шешудегі рөлі ерекше. Төтенше жағдай кезінде  Nur Otan партиясы депутаттары Парламентте бірнеше заңның қабылдануына бастамашы болды. 

Атап айтар болсақ, төтенше жағдай кезінде Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасы бойынша қосымша баяндама жасаған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов аталған заң жобасы төтенше жағдай кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін және Қазақстанның конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында әзірленгенін айтап өтті.

«Заң жобасымен ҚР төтенше жағдайлар туралы және құқықтық актілер туралы Заңдарына өзгерістер енгізу көзделеді. Аталған Заңдар әлеуметтік-экономикалық салада төтенше жағдай енгізу кезінде қолданылатын негізгі шаралар мен уақытша шектеулер бойынша нормалармен толықтырылып отыр. Осыған орай ҚР Президентінің нормативтік-құқықтық актілері негізінде әлеуметтік-экономикалық салаларда белгілі бір мерзімге заңнаманың қолданылу ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. Олар елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға және төтенше жағдайлардың теріс салдарының алдын алуға мүмкіндік береді», – деді Мәжіліс депутаты.

Мәжіліс депутаттары толықтай қолдаған құжат Сенатқа жолданды.

Ал өткен аптада Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысында депутаттардың өздері бастамашы болған парламенттік оппозиция туралы заң жобасы мақұлданды.

«Осыған орай, Мәжіліс депутаттары бастамашы болған осы заң жобасында алғаш рет «парламенттік оппозиция» деген ұғым енгізілді. Бұл Парламент тарихында бұрын болмаған, бірақ та, уақыт талабына сай жасалып отырған өте қажетті қадам. Себебі, Парламенттік оппозиция – демократияны одан әрі нығайтуға, Парламент жұмысын дамытуға, сонымен бірге, ашық және еркін қоғамды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Сондықтан, дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, осы заң аясында, тиімді парламенттік оппозиция қалыптастыру керек деп есептейміз», – деді Нұрлан Нығматулин.

Аталған құжат тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді және өзін-өзі реттейтін ұйымдарды тұтынушылар дауларын сотқа дейінгі реттеу мәселелеріне белсенді тартуға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қоғамдық бақылауды жүзеге асыруын көздейді. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруға және елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды енгізуге бағытталған.

Сонымен қатар Палата бірқатар жаңа заң жобаларын қарастырады. Атап айтқанда, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне және Қазақстанның шегінен тыс шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелеріне қатысты заң жобалары. Сонымен қатар, Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама және Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясы туралы ратификациялық заң жобалары бар.

Соңғы жаңалықтар