8 Сәуір, 19:51 497 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Covid-19: сараптама алатын мобильді бекеттер қойылады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

ҚР ДСМ Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар ұлттық сараптама орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронвирусқа сараптама алатын мобильді бекеттер пайда болатынын айтты.

«Бүгінгі күні біздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметіміз эпидемиологиялық зерттеу, байланыста болған тұлғалардың аясын анықтау, бару және материалдар алу бөлігінде барынша тиімді жұмыс істеп жатыр. Шатыр немесе қоршау бекетін қоюдың еш қажеттігі жоқ», – деді ол онлайн брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, бұл жүйе бүгінгі күні аталған бекеттерді құрмастан-ақ талап етілген көлемді, үлгілерді жинауға қауқарлы.

«Дегенмен, мұндай мобильді бекеттер қойғысы келіп отырған мецанаттар бар екенін білемін. Оларға көп рахмет. Олар таяу уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында орнатылады. Себебі, осы екі қалада науқастар барынша көп тіркелген», – деді Арнұр Нұртаев.

Сонымен қатар, ол Қазақстанға мұндай бекеттердің үлкен көлемде қажет болмайтындығына үміт артатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар