8 Сәуір, 09:54 664 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Түркістан және Шымкент қалаларында ескерту жарияланды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

«Қазгидромет» РМК мамандары еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялағанын хабарлады. 

8-9 сәуір күндері Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, 8 сәуірде түнде екпіні 25 м/с жетеді.

9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градус аяз, оңтүстікте плюс 3 градусқа дейін күрт төмендейді. 9-10 сәуірде Түркістан қаласында түнгі ауа температурасы минус 0-2 градусқа дейін суытады.

8-9 сәуірде Шымкент қаласында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 9-10 сәуір түнде ауа температурасы 0-2 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Соңғы жаңалықтар