Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші науқас Қырғызстаннан келген

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші науқас Қырғызстаннан келген

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші науқас Қырғызстаннан келген
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында тіркелген коронавирусқа шалдығудың үшінші оқиғасына қатысты мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды  coronavirus2020.kz. «Науқастанған Қордай ауданының 1996 жылғы тұрғыны 24 наурызда Қырғызстан Республикасынан келген. Белгіленген алгоритм бойынша бойжеткен карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық талдау нәтижелері коронавирустың оң нәтижесін көрсетті», - делінген ақпаратта. Пациент инфекциялық стационарға жатқызылған. «Жағдайы – қанағаттанарлық. Дене қызуының жоғарылауы және коронавирустың өзге белгілері байқалмайды. Коронавирус инфекциясына диагностика және оны емдеу бекітілген хаттама бойынша жүзеге асырылуда. Қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Олардың анализдеріне талдау жасалуда», - делінген баспасөз мәліметінде. Еске сала кетсек, Жамбыл облысында індетке шалдығудың алғашқы жағдайы 24 наурызда тіркелді. Ол - Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны. Өңірге Қырғызстан Республикасынан келген. 24 наурыз күні облыстық карантиндік стационарға жатқызылды. Кесел жұқтырудың екінші дерегі  26 наурыз күні анықталды. Инфекция Қордай ауданының 1974 жылғы тұрғынынан табылды. Ол бір күн бұрын отбасымен бірге Қырғызстаннан келген. Жанұяның бес мүшесі де шекарадан өте салысымен оқшауланып, карантиндік стационарға жатқызылды.