Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 4 науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 4 науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 4 науқастың жағдайы ауыр
ашық дереккөзі
Елордада коронавирус жұқтырған 61 науқастың ішінде 4 адамның жағдайы тұрақты ауыр деңгейде. Олардан пневмония, тыныс алудың жетіспеушілігі анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте мәлімдеді. Науқастарға коронавирусты емдеу протоколына сәйкес ем жүргізілуде. Басқа науқастардың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде, олардан дене қызуы байқалмайды. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109-ға жеткенін хабарлағанбыз. Індет Нұр-Сұлтанда – 61 адамнан, Алматыда – 40, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, ОҚО-да – 2, Жамбыл облысында –1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адамнан  анықталды.