Ертеңнен бастап Ресей өзге мемлекеттермен әуе байланысын үзеді

Ертеңнен бастап Ресей өзге мемлекеттермен әуе байланысын үзеді

Ертеңнен бастап Ресей өзге мемлекеттермен әуе байланысын үзеді
ашық дереккөзі
Ертеңнен бастап Ресей коронавирус кең тараған елдерден тұрақты және чартерлік халықаралық әуе қатынасын тоқтатады, деп хабарлайды ТАСС.  РФ үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі президиумы отырысында осындай шешім қабылданған. Десе де, Ресей коронавирус тараған елдерден өз азаматтарды жеткізу жұмыстарын жалғастыра бермек. «2020 жылдың 27 наурызы, сағат 00:00-ден бастап Росавиация Ресей әуежайларынан шетел әуежайларына және олардан кері тұрақты және чартерлік ұшуларды жүзеге асыруды тоқтатады. Бұған коронавирус індетінің таралуына байланысты шет мемлекеттерден ресейліктерді Ресей Федерациясына шығарумен байланысты рейстер енбейді», - делінген отырыс қорытындысы бойынша жүктелген тапсырмада.