Қазақстандықтар коронавирусты анықтайтын тестілеуден ақылы түрде өте алады

Қазақстандықтар коронавирусты анықтайтын тестілеуден ақылы түрде өте алады

Қазақстандықтар коронавирусты анықтайтын тестілеуден ақылы түрде өте алады
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыра алады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова министрліктің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.  «Жалпы, бізде елімізге мұндай экспресс-тесттерді жеткізетін бірнеше демеуші бар. Қазіргі уақытта бірнеше компанияға бір рет әкелуге рұқсат беріп те қойдық. Бірінші топтамасы осы аптада жеткізіледі. Экспресс-тестілеу «Олимп» зертханасының базасында жүргізіледі. Бұл жедел-тесттер иммуноферментті сараптама әдісіне негізделген. Пациенттің қанында антиденені анықтайтын болады. Яғни, ауырып жүргендерді немесе жеңіл түрімен ауырып, жазылғандарды анықтайды», - деді комитет төрағасы.  Оның атап өтуінше, ҚР ДСМ коронавирусты анықтау үшін тестілеуден әлеуметтік әлсіз топқа кіретін пациенттерді өткізеді. Оларға ең алдымен дәрігерлердің есебінде тұрған тыныс алу органдарында созылмалы аурулары бар адамдар, вирус жұқтыру тәуекелі тобына кіретін адамдар, қарттар және 18 жасқа дейінгі балалар кіреді. Дегенмен, бұл санаттағы адамдардың нақты қайсысы тесттен өтетіндігі қазіргі уақытта нақтыланып жатыр. «Олимп» жекеменшік зертханасы мұндай тестілеуді ақылы түрде де өткізетіні белгілі болды. «Ал біз тестті полимеразды тізбекті реакция-диагностикасы әдісімен нақты ауру жұқтыруы мүмкін науқастарға тегін жүргіземіз», - деді Л.Бюрабекова.