23 Наурыз 2020, 09:34 512 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Сирияда коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

Сирияда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Низар Язиджи мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, коронавирусты жұқтырған адам шет мемлекеттен келген. Жасы 20-да. Енді науқас 14 күнге карантинге жабылып, медициналық тексерістен өткзіледі.

Кеше Сирия үкіметі коронавируспен күрес жолында халықаралық әуе рейстерін тоқтатқан болатын.

Сондай-ақ қоғамдық көлікпен жүріп-тұруға тыйым салынып, мектеп, балабақша, мейрамхана, саябақ сынды халық көп шоғарланатын орындар жабылды. Елде сәуір айында өтуі керек болған парламенттік сайлау жиырмасыншы мамырға қалдырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жеткенін хабарлағанбыз.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.

Соңғы жаңалықтар