Вирустық аурулардың таралуына жол бермеу үшін қағаз ақшаның қолданысын шектеп, тауарлармен қызметтер үшін төлемді карта арқылы жүргізу қажет. Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері ел тұрғындарына осындай кеңес берді.
Дәрігер вирустың аурулардан сақтану үшін картасын сатушының қолына бермей, интернет арқылы төлем жүргізетінін айтты.
Ақ халаттының айтуынша, инфекцияның қағаз ақшада нақты қанша уақыт сақталатынын айту қиын. Ақшаны дезинфекциялау мүмкін болмағандықтан, қолдан-қолға өтіп жүрген банкноттар инфекция тасымалдаушы болуы ғажап емес.