Коронавирустың таралуын шектеу үшін Иран үкіметі түрмедегі 54 мың жазасын өтеушіні бостандыққа жіберді. Rtvi.com таратқан ақпаратқа сүйенсек, сынамасынан коронавирус анықталған сотталушылар ғана түрмеден босатылған. Сондай-ақ, жазасын өтеушілер кепілдік арқылы уақытша бостандыққа шыққаны белгілі болып отыр. Бұл шара қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, 5 жылдан аса жаза кесілген қылмыскерлерге қолданылмаған. Індет Иранның барлық аймағын жайлап үлгерді. Соңғы дерек бойынша коронавирустан 92 адам мерт болған. Вирусты жұқтырғандар көрсеткіші бір тәулікте 586-дан 2922-ге өсті. Иран эпидемиологиялық қауіптілік деңгейі бойынша Қытайдан кейінгі екінші орында. Айта кетейік, бұған дейін Тайландта коронавирус жұқтырудың 4 жаңа дерегі тіркелгенін хабарлағанбыз. Елде індет жұқтырған 47 адамның біреуі көз жүмса, 31-і жазылып, ауруханадан шығарылған. 15 адам дәрігерлер бақылауында
Жүктелуде...