Павлодар облысының Аққулы ауданы Майқарағай ауылында 19 жастағы мұғалімді зорлап кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау бойынша қажетті тергеу амалдары, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - дейді департаменттегілер. Белгілі болғандай, Майқарағай ауылына жақында ғана жұмысқа келген 19 жастағы қыз мектеп маңында зорланған. Аталған дерек бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Полиция мәліметінше, тергеу аяқталғанша өзге ақпарат жарияланбайды.
Жүктелуде...