Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбекке тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбекке тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президентіне өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өндірістің өсімі жөнінде есеп берілді.Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, соның ішінде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті белгілі бір санаттағы азаматтарға берудің, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті.Жеңіс Қасымбек туристік кластер қалыптастырудың перспективалары және Ұлытау ауданында қажетті жол инфрақұрылымы, сондай-ақ, Балқаш көлі аймағы мен Қарқаралы ауданында туризм саласын жаңғырту туралы баяндады.Президент Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқыны жағдайын мұқият бақылауға алып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырды.