Қазақстанда дүнген ұлтының қырыққа жуық жігіті әскерде борышын өтеп жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл өзінің Facebook-тегі парақшасында "бірде-бір дүнген қазақ әскерінің қатарында қызмет етпейтіні" туралы жазған.
"Әлеуметтік желілерде тараған дүнгендердің әскери қызметтен бас тартатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.Қазақстанда дүнген ұлтынан 40-қа жуық сарбаз мерзімді әскери қызметін атқарып жатыр.Жалпы 2019 жылы 30 мыңнан астам сарбаз шақырылды, оның ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, ұйғырлар, өзбектер және басқа ұлт өкілдері бар", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Сонымен қатар, ведомство әскерге шақырылушыларды іріктеу кезінде олардың ұлты емес, тән саулығы, психологиялық және моральдық орнықтылығы, жеке қасиеттері басты өлшем ретінде қарастырылатынын атап өтті.