Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Алматыда ұлы ақынның мүсіні бой көтерді. Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және зиялы қауым өкілдері қатысты. «Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындар үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философ пен ойшылдың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналды», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев. Мүсін Жетісу ауданы әкімдігінің ғимараты жанындағы «Гүлдер» саябағына қойылды. Еңбектің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев.
Жүктелуде...