Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Таразда деструктивті діни ағым өкілдерін тұтқындады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымның 5 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.