Семей қалалық Полиция басқармасына 22 қаңтар күні алаяққа алданып қалған әйел арызданған. Бейтаныс біреу оның адам өлтіргені үшін сотталған 60 жастағы күйеуін түрмеден шығаруға көмектесетінін айтып, бұл «қызметін» 3 млн теңгеге бағалаған. Әлгі әккі алаяққа сенген азаматша сұраған сомасын береді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. «Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін сотталған Үржар ауданының 44 жастағы тұрғыны кінәсін мойындап отыр» – деп хабарлады Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жүктелуде...