Шымкент қаласында мас күйінде көлік айдаған азамат полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz Жол-көлік апаты Т.Рысқұлов көшесінде болған. Алдымен Mitsubishi Galant және Audi-80 маркалы көліктері соқтығысқан. Оқиға орнына жеткен жол сақшысы Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді өтінген. Алайда ол құжаттарын көрсетуден бас тартып, ізін суытпақ болған. Көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, оны 3 метр жерге дейін сүйреп кеткен. Құқық бұзушы сол мезетте ұсталды.
Жүктелуде...