Бір жыл бойы ауырмаған азаматтың міндетті сақтандыруға аударған ақшасы қайда жұмсалады? Бұл сауалға елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Ситқазинов жауап берді. «Егер биыл ауырмаған болсаңыз, сақтандыруға аударған ақшаңыз қайтарылмайды. Медициналық сақтандырудың қағидасы: дені сау адам науқас үшін, бай адам кедей адам үшін төлейді. Бұл жылы өзіңіз ауырмаған жағдайда сақтандыруға аударған ақшаңыз ауырған адамдардың еміне жұмсалады. Ал егер келесі жылы сіз ауырып қалсаңыз – сақтандыруға қанша жинағаныңызға қарамастан, сізге де толық медициналық қызмет түрлері көрсетіледі», - деп түсіндірді филиал басшысы.
Жүктелуде...