«Барселона» ойыншысы хирург көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп жазады Prosports.kz. Испаниялық клубтың ресми сайтының хабарлауынша,12 қаңтар күні Суарестің оң тізесіне ота жасалды. Футболшының қайтадан ойыншылар қатарына қосылуына кем дегенде 4 ай уақыт қажет. Айта кетейік, Луис Суарес осы маусымда католондықтар жейдесінде 23 рет алаңға шығып, 14 гол соқты.
Жүктелуде...