Атырауда жоғалған балалардың біреуінің денесі табылды. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламаға сүйенсек, кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жастағы екі баланы іздеу жұмыстары түнде құрғақта, таңертеңнен бері суда жүргізілді. Іздеу жұмыстарына 36 адам мен 6 дана техника жұмылдырылған. Балалардың бірінің денесі Редуть ауылының маңындағы каналдардың бірінен табылды. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.
Жүктелуде...