Алматы облысындағы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында болған жарылыс салдарынан екінші адам көз жұмды. «8 қаңтар күні кешкі сағат 17:00-дер шамасында ауруханада 1939 жылғы, яғни 81 жастағы қарт кісі көз жұмды», - деп мәлімдеді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, қал-жағдайларын білді. Қаза болған отбасына барып көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты. Қазіргі таңда зардап шеккен отбасыларға уақытша баспана ұсынылған. Ол шығындардың барлығын әкімдік өтеп беретінін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік , кеше Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында газ ауа қоспасы жарылып, 7 адам жарақаттанды, бір баланың оқиға орнында жан тапсырғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Жүктелуде...