Алматыда адам өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 2019 жылы 30 желтоқсан күні кешкі сағат 17:10-18:00-дер аралығында 6-шағын аудандағы №3 үйдің жанында болған. Әкесінің өлімі туралы алматылық Руслан Ақмаев Facebook-тегі парақшасында жазды. Сондай-ақ ол оқиға куәгері болған « ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісін іздейді. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 15 жастағы күдікті тергеу изоляторына қамалған. «Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандар үшін көлік құралын жүргізу фактісі бойынша жеке әкімшілік іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында.
Жүктелуде...