Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қаңтарда америкалық файтер Райан Бейдерден жеңіліп қалған ресейлік бүгін АҚШ-тың басқа спортшысымен, UFC экс-чемпионы Куинтон Джексонмен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл Сайтамда (Жапония) өткен Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты оқиғасы болды. Емельяненко бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді. Енді ресейлік спортшының қоржынында ММА-ден 46 жекпе-жек бар, оның 39-ы жеңіспен аяқталған.Сонымен қатар, алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жек өтпей қалған. Айта кетейік, қоштасу туры аясында 43 жастағы Емельяненко тағы екі жекпе-жек өткізеді. «Өкінішке қарай, менің карьерам аяқталады. Мүмкін бұл менің Жапониядағы соңғы жекпе-жегім», - деді ресейлік спортшы жеңістен кейін.