Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматы маңында ұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты. "Бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан жолаушылар ұшағы апатында қаза тапқан жандардың отбасылары мен туыс-туғандарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бүкіл еліміздің сіздермен бірге қабырғасы қайысып отыр. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", — деп жазды Twitter-дегі парақшасында.
Жүктелуде...