Жеті жыл бойы 20, 50 және 100 теңгелік тиындарды жинаған қарағандылық отбасы банк қызметкерлерін таңғалдырды. Олар ақшаны бес литрлік екі бөтелкеге жинаған. Жиналған қаржыны ата-ана балаларының депозитіне салды. Тиындарды банкке апармас бұрын отбасы мүшелері 4 сағат бойы санағандарын айтты.
Жүктелуде...