Жаңалықтар

"Зита мен Гитада" басты рөлді сомдаған актриса Қазақстанға келмек

"Зита мен Гитада" басты рөлді сомдаған актриса Қазақстанға келмек

Үндінің әйгілі "Зита мен Гита" фильмінде басты рөлді сомдаған атақты Болливуд актрисасы Хема Малини қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Кадрдан Малинидің қазақтың ұлттық киімімен тұрғанын байқауға болады.

Ол Қазақстан Республикасының тұрғындарын тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Сондай-ақ, Малини өзінің тілегін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да бағыттады.

Осы 16 секундтық видеода актриса Қазақстанға "Үндістанның билері" атты концерттік бағдарламамен жақын арада келетінін айтты.