Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде Бақытжан Сағынтаев қоғамдық көлік мәселесінің қалай шешіліп жатқанына тоқталды. Әкімнің айтуынша, ауданда 38 бағыт бойынша 564 автобус қатынайды. Бүгінде олардың 80%-ы ауыстырылды, соның ішінде биыл №18, 32, 41, 92 бағыттар жаңа жылжымалы құраммен жаңартылды. Бұл туралы "Алматы" арнасы хабарлады. Бұдан бөлек, өткен кездесуде тұрғындар қоғамдық көліктердің бағытын өзгертуді өтінген болатын. Сол бойынша №13 (24 емханаға дейін ұзартылды), №51 (Захаров көшесі арқылы қатынайтын болды) және №41 (№44 мектепке баратын болды) бағыттар өзгертілді. №36, 41, 74, 86 бағыттарының қатынау аралығы қысқарды. Аудан тұрғындары сұрағына жауап бере келе, қала басшысы «Бүгінде бағыттар «адамдар қайда көп барады» деген принципке бейімделді, ал сіздердің тілектеріңіз бойынша қала бойынша бағыттарды қайта қарастырамыз», – деді. Алматы әкімінің Түрксіб ауданы тұрғындарымен болған кездесуі жайлы толық мән-жайды бүгін "Алматы" телеарнасынан сағат 13:00, 15:00, 19:00 және 19:30-да болатын жаңалықтардан біле аласыздар.
Жүктелуде...