Әулиекөл ауданында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды. Бұл туралы Қазақпаратқа Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь мәлімдеген. Оқиға бүгін аудан орталығындағы 1 мамыр көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. «Үй ішінде қараусыз қалып қойған 2016 және 2018 жылы туған екі бала жанып кетті. Үйдегі барлық төсек-орын, жиһаз өртенді. Өрт ауқымы 18 шаршы метрді құрады», - деді Ирина Беженарь. Оқиғаның алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану. Тұрғын үй өрті бүгін сағат 12.39-да толығымен сөндірілді.
Жүктелуде...