Тараз қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан «Эврика» супермаркеті өртеніп кетті. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі хабарлады. Комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, 2 желтоқсанда сағат 01:01-де екіқабатты «Эврика» супермаркетінен өрт шыққаны жайлы хабар келген. «Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы ағаш төбенің өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт 03:31-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады», - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов. Өртті сөндіруге барлығы 84 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері нысанды қоршауға алған.
Жүктелуде...