Мексикалық боксшы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо «Канело» рингке қашан оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz. «Канело» мамырда қандай салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығатынын шешуге әлі біраз уақыт бар. Әлі бес ай бар. Оған 160 не 168 фунтта жұдырықтасу қиын емес. Біз DAZN және Golden Boy-мен сөйлесіп, қай қарсыластың келетінін шешеміз. Жекпе-жек анонсы 15 қаңтардан кейін шығады», - дейді Рейносо. Айта кетейік, «Канеломен» жекпе-жекке шығуы мүмкін деген үміткердің бірі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Ол мексикалық боксшымен трилогия жасағысы келген. Олардың алғашқы жекпе-жегіндегі нәтиже бойынша тең түсіп, ал рематчта судьялар жеңісті мексикалыққа берген.
Жүктелуде...