МӘМС: Аударылған жарна көлемі жөнінен алматылықтар көш бастап тұр
МӘМС: Аударылған жарна көлемі жөнінен алматылықтар көш бастап тұр
«Алматы қаласы жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан республика бойынша көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі оңтүстік астаналықтарға тиесілі. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 21 қарашасына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 47,3 млрд теңге жарна аударылды. Оның 44,8 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары», - деді Т.Әбілдаев. Сондай-ақ, жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 4900 адам 16,7 млн теңгені құрайтын бірыңғай жиынтық төлем төлеген. Естеріңізге сала кетсек, бірыңғай жиынтық төлем елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Жиынтық төлемнің ішінде өзге әлеуметтік төлемдерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Ол жалпы соманың 40 пайызын құрайды. БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2525 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1263 теңге көлемінде белгіленген. Төлемнің бұл түрін фрилансерлер, сантехниктер, құрылысшылар, такси жүргізушілері т.б. төлей алады.