Елордада көрермен назарына неміс фильмдері ұсынылады. Бұл туралы Қазақстандағы Гёте институты хабарлады. «Қазақстандағы Гёте институты елордадағы Chaplin Mega Silk Way кинотеатрымен бірлесіп Заманауи неміс киносының күндерін өткізеді», делінген институттың Facebook-тегі парақшасында. Фильмдер көрсетілімі 17-20 қараша аралығында өтеді. Кинолар неміс тілінде, субтитр орысша болады. Тегін билет көрсетілім күні кассада беріледі. Нұрсұлтандықтарға «Құрып кеткір, Гете» (2013 жыл) «Оствинд» (2013 жыл), «Ата-ана» (2014 жыл), «Көктемнен соң күз келеді» (2015 жыл), «Баухаус рухы» (2018 жыл) фильмдері көрсетіледі.
Жүктелуде...