Беларусьте өтіп жатқан «Alexander Cup» халықаралық турнирінде Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов «алтын» алды. Бұл туралы Федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Беларусь Республикасының Гродно қаласында 1-5 қараша аралығында өтіп жатқан жарыс 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу шарасы саналады. Оған 300-ге жуық спортшы қатысуда. «Бүгін 81 кг дейінгі салмақта жарысқа шыққан Нижат Рахимов Қазақстан қоржынына екінші «алтынды» салды», - делінген хабарламада. Айта кетсек, бірінші алтын медальді Екатерина Быкова жеңіп алған еді. Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын.
Жүктелуде...