36 жастағы британиялық дзюдошы, әлем чемпионы Крейг Фэллон өлі күйінде табылды, деп хабарлады Prospоrts.kz сайты. Mirror порталының мәліметінше, Фэллон Англияның батыс бөлігіндегі Шропшир орманында асылып қалған. Өлерінің алдында спортшы сүйіктісіне «Бұл - менің таңдауым» деген хабарлама жіберген екен. Айта кетейік, соңғы уақытта Фэллон валлийлік дзюдо ассоциациясында бапкерлік қызмет атқарған.
Жүктелуде...