Жүсіп ата кесенесіне жөндеу жасалды
Жүсіп ата кесенесіне жөндеу жасалды
Жүсіп ата кесенесінің қорықшысы Сабырыддин Эшановтың айтуынша, қасиетті жерге келіп, баба басына құран бағыштап, зиярат етушілер саны күн санап артып келеді. Мұнда Өзбекстан және Қырғызстан елдері мен еліміздің түкпір-түкпірінен келушілердің қарасы қалың. Түркістан қаласынан 25 шақырым қашықтықта Ескі Иқан ауылында орналасқан Жүсіп ата кесенесі жергілікті маңызы бар – сәулеттік ескерткіш. Жалпы жер көлемі - 1,5 га. Қожа Ахмет Ясауидің замандасы, шәкірті, әрі жиені ретінде белгілі Жүсіп ата XII ғасырдағы діни тұлғалардың бірі саналады. Жүсіп ата кесенесінің іргесіне 2005 жылы зерттеулер жүргізілген. Кесене екі бөлмеден тұрады. Жалпы ұзындығы 22-23 метр, ені 12,87 метр. Зияратхана бөлмесінің ішкі өлшемдері 9,24 мх9,21 метрді құрайды. 2008 жылы Жүсіп ата кесенесіне толық реставрациялық жөндеу жұмыстары жүргізілген.