Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Әлия Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 2001-2005 жылдар аралығында Әділет министрлігі департаментінің жетекші маманы, бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы қызметін атқарған. 2005-2013 жылдарда Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі, әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы болды. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды. Ал 2018 жылдың сәуірінде әкімшілік басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Жүктелуде...