Батыс Қазақстан облысында өрт салдарынан 21 тонна пішен жанып кетті, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға Жаңақала ауданы Жаңажол ауылында болған. Саркөл көшесі, 2 мекенжайында жеке үйдің ауласында 90 шаршы метр қора-қопсы, 110 шаршы метр пішен отқа оранды. Соның салдарынан 21 тонна пішен күлге айналды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан - 3, сондай-ақ ерікті өрт сөндіруші жасағынан - 48 адам қатысты. Тағы бір осындай оқиға Жәнібек ауданы Борсы ауылында тіркелді. Абай көшесі, 17 мекенжайында шаруашылық құрылысы жанды. Өрт аумағы - 160 шаршы метр. Мұнда да 53 адам өрт сөндіруге жұмылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келген шығын көлемі анықталуда.
Жүктелуде...