"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша 20-22 қыркүйек күндеріне ауа температурасы күрт көтеріледі. Жексенбі күні атмосфералық фронттар солтүстік, орталық және оңтүстік, ал дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жетіп, бұл аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды. Бірақ демалыс күндері әлі де жылы болады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда максималды ауа температурасы плюс 30-38°С болып, климаттық нормадан 4-8°С жоғары болады.
Жүктелуде...