Жаңалықтар

Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынында 15 жолдама бар

Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынында 15 жолдама бар

Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның қоржынына 2020 жылғы Олимпиаданың үш жолдамасы түсті. Әлем біріншілігінің үшінші күні грек-рим күресінен олимпиадалық салмақ дәрежелерінде белдескен қос балуанымыз жолдамаға иелік етті. 

2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама саны 15-ке жетті. Бұған дейін Токиоға жолдама жеңіп алғандар:

  1. Ришат Хайбуллин (Спорттық скалолаз)
  2. Дмитрий Баландин (100,200 метрге брасс әдісімен жүзу)
  3. Ольга Рыпакова (Жеңіл атлетика)
  4. Георгий Шейко (Жеңіл атлетика)
  5. Евгений Гидич (Велоспорт, шоссе)
  6. Классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы
  7. Денис Ганькин (Садақ ату)
  8. Ильфат Абдуллин (Садақ ату)
  9. Санжар Мусаев (Садақ ату)
  10. Виталий Худяков (Ашық суда жүзу)
  11. Екатерина Немич (Бейнелі жүзу)
  12. Александра Немич (Бейнелі жүзу)
  13. Мейрамбек Айнағұлов (Грек-рим күресі)
  14. Асхат Ділмұхамедов (Грек-рим күресі)
  15. Валентина Исламова (Әйелдер күресі)

ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасында 33 спорт түрінен 339 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Айта кетейік, Рио Олимпиадасы алдында "Gracenote" қазақ спортшылары 4 алтын 3 күміс 9 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 23-орын алады деп болжаған еді. Бразилия жерінде қазақ спортшылары 3 алтын 5 күміс 9 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 22-орын алды.