Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды
Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов аталған шараның «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челлендж аясында өтетінін хабарлады. «Алматы челленджді Нұр-Сұлтаннан қабылдады.Біз өзімізден соң оны Қазақстанның батысындағы қалалардың біріне тапсырамыз», - деді Р. Байсейітов. Баспасөз конференциясына қатысқан танымал кәсіби боксшыҚанат Ислам жастарды белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды. «Біз қашанда жастарға қолдау көрсетеміз және спорттың көше түрлерін дамытуға ықпал етеміз», - деп атап өтті Қ. Ислам. Almaty Urban Fest 7 қыркүйекте, таңғы сағат 10-00-де басталады. Спорттың мына түрлері бойынша іріктеу жарыстары өтеді: - Streetball 3*3 (жігіттер 2007-2004, жігіттер 2003-2001, жігіттер 2000-1996, қыздар 2және бұдан жоғары) - Workout (freestyle және base wars) - Armwrestling ( ерлер: 60, 70, 80, 90, 90+ қоссайыс, оң және сол қолдар бойынша жеке абсолютті салмақ категориясы бойынша. Әйелдер: абсолюті салмақ категориясы) - Кәсібилер арасында роликтер (агрессив инлайн) - Әуесқойлар мен кәсібилер арасында самокаттан жарыс (кик скутер) - Әуесқойлар мен кәсібилер арасында скейтбордтан жарыс - Әуесқойлар мен кәсібилер арасында ВМХ. BMX Freestyle Show - Dance Battle All Styles 1х1 (Hip hop, Waacking, Dancehall, Breaking, House, Popping, Locking, Vogue) 8 қыркүйек Супер финалдар өтеді. Басталуы күндізгі сағат 12.00 Аяқталуы - 19:00 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі - 19:30. 8 қыркүйекте концерт болады, басталуы сағат 20:00. Жүргізуші - Ілияс Ибраимов Фестиваль кезінде мына спорт түрлері бойынша белсенділік танытуға болады: WKF Карате бойынша жаттығулар және көрсетілімдер - Graffiti и Street art от Repas Workshop - Қалалық тақырыптық квест - Karaoke-Battle - Арт-инсталляция, спорттық және шығармашылық шеберлік класстары - балалардың белсенділігі.