Алматыда тұрғын үй алабында үш үй өртке оранды, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі. «Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 08:44 Алмалы ауданы,Үмбетбаева - Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 8 минутта оқиға орынына жетті. Бір-біріне жақын орналасқан жеке тұрғын үйлердің шатыры отқа оранған. Қабылданған шаралар Қабанбай батыр көшесіндегі 243-үйді өрттен қорғауға мүмкіндік берді. Қалған үш үйдің шатыры ішінәра зақымданды», - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Жүктелуде...