Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.