18 тамыз күні Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогы аяқталды. Бұл сынға 20 қазақстандық атлет қатысқан болатын. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады. Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Алтын: Мария Овчиннкова (үш қарғып секіру), Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алексей Гусаров (1500 метр); Күміс: Абдулазиз Абдукаюмов (800 метр), Марина Хусейнова (ұзындыққа секіру), Виталий Терехин (спорттық жүріс), Екатерина Нестерова (ядро лақтыру); Қола: Евгений Прокудин (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Витадий Земс (100 метр), Екатерина Нестерова (балға лақтыру).
Жүктелуде...