Индонезия президенті Джоко Видодо жұма, 16 тамыз күні парламентке елдің астанасын Джакарта қаласынан Калимантан (Борнео) аралына ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Reuters. «Мен сіздерден ұлттық астананы Калимантанға ауыстыру үшін рұқсат сұраймын», - деді мемлекет басшысы республика тәуелсіздігінің 74 жылдығына арналған салтанатты жиында. Президенттің айтуынша, жаңа астана халықтың экономикалық әділдікке ұмтылысын көрсетеді. Видодо жаңа астананың нақты орнын атаған жоқ. Калимантан — 743 330 шаршы шақырымды құрайтын аумағы бойынша әлемдегі үшінші арал. Оны Индонезия, Малайзия және Бруней бөлісіп жатыр. Арал Азияның оңтүстік-шығысында, Малай архипелагы орталығында орналасқан.
Жүктелуде...