Жаңалықтар

Украинаның Жоғарғы Радасына бес партия өтті

Украинаның Жоғарғы Радасына бес партия өтті

Украинаның орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады.

Сайлау нәтижесі бойынша, бес партия Жоғарғы Радаға кірді: "Слуга народу" – 43,16%; "Опозиційна платформа — За життя" – 13,05%; "Батькивщина" – 8,18%; "Європейська солідарність" – 8,10%; "Голос" – 5,82%. Украинада бұл сайлау аралас жүйе бойынша өтті: 450 депутаттың жартысы партия тізімі бойынша сайланды, қалғаны бір мантатты округтар бойынша дауыс жинады. 22 саяси партиядан екі жарым мыңнан астам адам сайлауға түссе, мажоритарлы үміткерлер саны үш мыңнан асты.