Сөздік қорды молайтатын еңбек

Сөздік қорды молайтатын еңбек

Сөздік қорды молайтатын еңбек
ашық дереккөзі
  Қазір әлемде көп тілде сөйлеу сәнге айналды. Әсіресе, жастар арасында полиглот деңгейіне жеткендерді жиі кездестіреміз. Соның ішінде ағылшын тілін меңгеру жаппай трендке ұласты. Ал кез келген тілді үйренуге деген талпыныс сөз және тұрақты тіркес жаттаудан басталады. Тіл үйренушілер фразеологизмдерді түсіну мен қолдануға келгенде жиі мүдіреді. Сондықтан тіл мамандарына арналған ағылшынша-қазақша фразеологиялық сөздіктің артықтығы болмас. Жақында белгілі тіл ғалымы Үрила Кеңесбаева құрастырған сөздік жарық көрді. Бұл еңбекте ағылшын тілінің 5 мыңнан астам тұрақты тіркесі қазақ тіліне аударылды. Аударма ретінде берілген әр қазақ фразеологизмінің тұсына оның қай тәсілмен аударылғаны жайлы мәлімет берілген. Тіпті, сол тұрақты тіркеспен тіркесетін етістік, зат есім, сын есім, үстеу де бар. Және де тіркестердің шығу төркіні, тарихы хақында анықтамалық материалдарды табуға болады. Фразеологизмдердің қолдану орайы британдық, австралиялық, американдық жазушылардың шығармаларын., газет-журналдардан алынған түпнұсқа мысал-иллюстрациялар арқылы көрсетілген. Ағылшын тілін үйренушілер мен аудармашыларға тапмырмас сөздікте фразеологизмдердің аудармасы ғана беріліп қоймай, олардың түрлері, құрылымы, мағынасына қарай топтастырылып, оның жасалу жолдары да берілген. Демек, ағылшын тілі білім ошақтарында жаппай оқытыла бастаған тұста мұндай сөздіктің жарық көруі өте орынды.  

Тоғжан Төлеген