Айырылыс қазаны жайлы не білеміз?

Айырылыс қазаны жайлы не білеміз?

Айырылыс қазаны жайлы не білеміз?
ашық дереккөзі
Сан ғасырлық тарихымызда ата-бабаларымыздың ұстанған салт-дәстүр, ырым-тыйым, жөн-жоралғылары қаншама. Олардың ішінде біразы қазіргі таңда қолданылатын болса, аса көп бөлігі ұмыт болған. Сондай әдет-ғұрыптардың бір түрі – айырылыс қазаны. Айырылыс қазаны салтын ертеректе ауылдың бір тұрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп кетерде ағайын-туғандарымен, көрші-қолаңдарымен қоштасу кезінде ұстанатын болған. Яғни, үй иесі кетер алдын айналасындағыларын жинап, айырылыс қазаны деп аталатын ас берген. Сол заманда ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік, тәрбиесіздік болып саналатын. Көшіп бара жатқан жақ өздерінің туған-туыстарына, құрметті ауылдастарына көзіміздей көріп жүріңдер деп, естелік сыйлықтар қалдыратын. Ал ауылдастары өз кезегінде ризашылығын білдіріп, көш көлікті, барған жердегі қоныстарың құтты болсын айтысып, ақсақалдар ақ баталарын берісетін.  

Рысбек АРАПХАНҰЛЫ